<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><title>Көрінбейтін Көктегі Әке, РӘЖ155 Қак22</title>
<lyrics>[V1]
.    Cm
 Қайғы тартып қиналғанда
.   Ab
 Жол таба алмай адасқанда,
.     Fm
 Бір Өзіңе келдім Әке,
.      G
 Көрінбейтін болсаң да.
.   Cm
 Қараңғыда жатқанымда,
.     Ab
 Күнәға әбден батқанымда
.       Fm
 Бар екенсің сездім Әке,
.    G
 Көрінбейтін болсаң да.

[C1]
.    Fm                  G
   Көрінбейтін Көктегі Әке,
.      Cm            Ab
   Бір Өзіңе сиынамын мен.
.   Fm               G       Cm
   Жүрегімнен шыққан осы әніммен,
.   Fm              G
   Бар әлемді жаратқан Ием,
.         Cm                Ab
   Аспаннан нан жаудыртқан Ием,
.          Fm               G       Cm
   //  Көрінбейтін Көктегі менің Әкем.  //

[V2]
 Жан жүрегім жылағанда,
 Әлсізденіп құлағанда,
 Ұмтыламын Саған Әке,
 Көрінбейтін болсаң да.
 Өзің мені құтқарғанда,
 Көңілімді жұбатқанда.
 Басымды идім Саған Әке,
 Көрінбейтін болсаң да.</lyrics>
<hymn_number>155</hymn_number>
<author>Шынтеміров Әбілхайыр</author>
<key>D</key>
<aka>Қайғы тартып қиналғанда</aka>
</song>